• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қазан, 2021

Футзалдан Қазақстан мен Бразилия кездесуін қайдан және қашан көруге болады?

255 рет
көрсетілді

Бүгін, 3 қазанда футзалдан Қазақстан мен Бразилия құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші орнына таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Бразилия арасындағы ойынды елорда уақытымен 21:00-де Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен және арнаның ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

Бразилия командасы топтық кезеңде Вьетнам, Чехия, Панама футзалшыларын оңай ұтса, 1/8 финалда Жапониядан 4:2 есебімен басым түсті. Сонымен қатар, 1/4 финалда Мароккомен кездесіп, 1:0 нәтижесін тіркеді. Тек жартылай финалда Оңтүстік Америка құрлығындағы тұрақты қарсыласы Аргентинаға есе жіберді.

Ал Кака шәкірттері өз тобында Литва және Коста-Рика құрамаларын ірі есеппен ұтып, Венесуэламен тең түсті. Турнирдің 1/8 финалында Таиланд командасына жауапсыз жеті гол соқса, ширек финалда Иран ойыншыларын үйіне қайтарды. Өкінішке қарай, финалға жолдама берілетін маңызды матчте Португалия құрамасына пенальти сериясында есе жіберді.