ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында радио қызметкерлерін құттықтап жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақпарат кеңістігінде аса маңызды орын алатын Қазақ радиосының ардагерлері мен қызметкерлерін 100 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Ұзақ жылғы жемісті еңбектеріңіз мемлекеттік наградаларға лайықты және сіздерге әлеуметтік қолдау көрсетіледі», деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында.