• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 04 Қазан, 2021

Елена Рыбакина рекордты орнына қайта оралды

170 рет
көрсетілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Sports.kz агенттігі мәлімдеді.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағы аустралиялық Эшли Бартиде қалды, екінші орында — Беларусь спортшысы Арина Соболенко, Чехия спортшысы Каролина Плишков үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстанның ең мықты өкілдері Елена Рыбакина жеке рекордын қайталап, 16-шы орынға оралды. Юлия Путинцева төрт орынға көтеріліп, 43-ші болды. Зарина Дияс 108-ші орында.

Жұптық разрядтағы үздік үштік: чех теннисшілері Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова, сондай-ақ бельгиялық Элизе Мертенс.

Анна Данилина 92-орыннан 94-орынға түсіп, Рыбакина 97-орыннан 95-орынға көтерілді, Зарина Дияс — 181-ші (-2) орында.