• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қазан, 2021

Жапонияда жаңа үкімет құрамы бекітілді

507 рет
көрсетілді

Жапон императоры Нарухито Премьер-Министр Фумио Кишида басқаратын жаңа жапон үкіметінің құрамын бекітті, деп жазады Egemen.kz.

Киодо ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ресми рәсім Токиодағы Император сарайында өтті.

«Императордың министрлер кабинетін бекітуі Жапония конституциясына сәйкес жүзеге асады. Салтанатты рәсім кезінде министрлер кезекпен императордан тағайындау туралы арнайы құжат алады. Шараға парламенттің қос палатасының спикерлері мен бұрынғы Премьер-Министр Йошихиде Суга қатысты», делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрі Тошимицу Мотеги мен қорғаныс министрі Нобуо Киши Кишида үкіметтегі қызметін сақтап қалды. Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрлігін басқарған Коичи Хагиуда Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігін басқарды.

Сонымен қатар, Жапонияның жаңа Премьер-Министрінің  үкіметіне үш әйел министр кірді. Биліктегі Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) президенті болу үшін Кишидамен таласқан Сейко Нода аймақтық істер министрі болып тағайындалды. Жаңадан құрылған үкіметтің цифрландыру министрлігін Карен Макишима басқарады, ал Норико Хориучи елдің коронавирусқа қарсы жүргізіліп жатқан вакцинациясын бақылайды.

Қаржы министрлігінің жаңа басшысы Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жауапты бұрынғы министр Шуничи Сузуки болды. Такаюки Кобаяши Экономикалық қауіпсіздік министрі болды.