Тбилисиде Әзербайжан, Түркия және Грузия әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Eternity – 2021» командалық-штабтық жаттығулары басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы дүйсенбі күні Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Теориялық және практикалық бөлімдерден тұратын жаттығулар барысында үш елдің әскери қызметшілері мен тиісті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері аймақтық экономикалық жобаларды қорғауды ұйымдастыру міндеттерін орындайды», делінген хабарламада.
Жаттығулар 8 қазанға дейін жалғасады.