• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Қазан, 2021

Қалдық жинап, қаражатқа жарыды

550 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда қайта өңдеуге жарам­ды қалдықтарды жинаудан «Таза­лық ойыны» атты квест жарысы өтті. Командалардың та­за­лық сайысы Есіл өзенінің жа­ға­лауында ұйым­дас­тырылды. Эко­ло­гиялық шара ӨКМ Опе­ра­торы, BI Group компаниясы және «Clean city NC» ЖШС бастамасымен өтті.

«Тазалық ойыны» – командалық ойын. Қатысушы командалар қалдық­тар­ды сұрып­тау және қоршаған ор­таны қор­­ғауға өз үлес­терін қо­сады. Қо­қыс жи­­науға 90-ға жуық адам ат­са­лыс­ты. Қа­тысу­шылар коман­да­лар­ға бөлініп, эко-тап­сыр­маларды орын­дауға кі­рісті. Жарыс шар­ты бойынша әр­бір жи­налған қалдық түрі үшін ко­­ман­­даларға 0,4-тен 2 балға дейін бе­­рілді. Жеңіске жету мүм­­кіндігі тұр­­­­мыстық қалдықтарды бөлек жинап, тап­­сырмасын орында­ғандарға кө­бірек берілді.

Эко-жарыстың қорытындысы бо­йын­ша жеңімпаздарға Marwin дү­кендер желісінен тауар сатып алуға номиналы 10 мың тең­ге болатын сертификаттар табысталды. Сондай-ақ ең жас эко-белсенділер сер­ти­фикаттарға ие болды. «Тазалық ойыны» барысында қатысушылар барлығы 300 килодан астам макулатура, пластик, шыны және басқа да қалдық түрлерін жинады. Осы жиналған қалдықтар одан әрі қайта өңдеуге жіберіледі.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Петропавл, Темір­тау және Семей қалаларында «Менің эко-өмір мектебім» байқауының қоры­тындысы шығарылды. Өскелең ұр­пақтың экологиялық мәдениетін қа­лыптастыру бағытында үздік білім бе­ру мекемелеріне сертификаттар мен ес­телік сыйлықтары табысталды. Сондай-ақ «ЭкоАсар – игі істер марафоны» акциясы бастау алады. Игі шара 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр.

Жаздыгүні «ЭкоАсар» кезінде 7 500 кило қай­талама шикізат жиналып, қайта өң­деуге жіберілді. Одан түскен 363 263 теңге қа­рау­сыз қал­ған жануарларға азық сатып алуға бағыт­талды.

Жыл бойы оқушылар 99 253 кило маку­латура, пластик, шыны және алюминий қап­та­масын өңдеуге тапсырды.

Жалпы, қайталама шикізатты тапсырудан түскен сома 2 млн 870 мың тең­гені құрады. Бұл қаражат мектеп аумақ­тарын абаттандыру мен қайырым­дылық бағытына жұмсалды.