• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қазан, 2021

Nur-AvtoKz көлік орталығының директоры ұсталды

309 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Nur-AvtoKz автоорталығының директоры алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда тұрғындары полицияға арызданып, компания басшылығы алдау мен сенімге қиянат жасау арқылы өз қаражаттарын иемденіп алғанын айтқан.

«28 жастағы серіктестік директоры автокөлік сатамын деген желеумен азаматтармен келісімшарт жасасқан, бірақ жеме-жемге келгенде арадағы келісімді орындамаған. Сонымен қатар күдікті сату-сатып алу келісімшарттарын жасау арқылы азаматтардың көліктерін иемденген, бірақ ақшасын төлемеген. Кейіннен көлік үшінші тұлғаларға сатылып кете барған. Алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Nur-AvtoKz ЖШС директоры тергеу изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.