• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2021

Сенаторлар Ұлттық биотехнология орталығының жұмысымен танысты

290 рет
көрсетілді

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен келешегі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға дайындық аясында Ұлттық биотехнология орталығында болды, деп жазады Egemen.kz.

Сенат депутаттары орталықтың агробиотехнологияларды пайдалану саласындағы ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға арналған ғылыми-зерттеу қызметімен танысты.

«Аграрлық ғылым аграрлық-өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда аса маңызды рөл атқарады. Ғылым мен ауыл шаруашылығы өндірісін тығыз ықпалдастыру, сондай-ақ саланы сапалы кадрлармен қамтамасыз ету қажет», деді комитет төрағасы Әли Бектаев.

Сенаторлар Орталықтың биология, биотехнология, биологиялық қауіпсіздік пен экология, оның ішінде ұжымдық пайдаланудағы биотехнология, өсімдік селекциясы, өсімдіктің гендік инженериясы, өсімдік геномикасы және биоақпараттар және басқа салалардағы іргелі және қолданбалы зерттеулері туралы хабардар етілді.