Қазақстандық Асылзат Сағымбай мен Эльмира Сыздықова Ослодағы әйелдер күресінен әлем чемпионатының ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
53 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал жекпе-жегінде А.Сағымбай молдовалық Юлия Леордеден мерзімінен бұрын жеңілді. Кездесу 2:0 есебімен молдова балуанының пайдасына шешілді.
Ал, 76 келіге дейінгі салмақта Э.Сыздықова Египет өкілі Самар Хамзадан 2:3 есебімен жеңілді.
Енді қазақстандық спортшылар қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алу үшін Леорде мен Самардың финалға шығуына ғана үміттене алады.