• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Қазан, 2021

Бейжің Олимпидасына арналған спорт нысандары тексерілуде

216 рет
көрсетілді

Бейжің Олимпиадасы қарсаңында олимпиадалық спорт нысандарын тексеру 5 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өткізіледі. Бұл туралы ұйымдастыру комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Алайда, бақылау кезеңіне спортшылар қатыстырылмайды. Мәселен, биатлоннан жарыс жолын бақылаудан өткізу тек қана техникалық мамандарға сеніп тапсырылған. 

«Ұйымдастыру комитеті ХОК және IBU-мен бірлесе отырые, биатлондағы жарыс жолын тексеруге төрт күн берді. Тексеруге ұлттық федерациялар мен ұлттық олимпиадалық комитеттердің мамандары кіреді», делінген хабарламада. 

Демек, спорттық бақылау жарыстары Олимпиада қарсаңында ұйымдастырылмайды.