• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Күрес 06 Қазан, 2021

ӘЧ: Қазақстандық қос балуан жұбаныш белдесуіне қатысады

201 рет
көрсетілді

Норвегияда күрес түрлерінен Әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өкінішке қарай, ұлттық құрама қоржыны әлі бос. Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы бәсекелер өтті. Нәтижесінде жеңіл салмақтағы Асылзат Сағымбай мен орта салмақтағы Айна Теміртасова жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады.

Қос спортшы да іріктеу сынында жеңілген. Бірақ қарсыластары финалға шығып, қосымша мүмкіндік пайда болды. Ал еліміздің ең негізгі үміттерінің бірі Эльмира Сыздықова алғашқы айналымнан аса алмады. Мысырлық Самар Хамзадан жеңілді.

Оның алдында қазақстандық Айша Уәлихан мен Аяулым Қасымова да жарысты аяқтады. Ослодағы дода 9 қазанға дейін жалғасады.