Ұйымға 192 елден «Дельта» штаммын жұқтыру туралы хабарлама келген. Ал алдыңғы аптада тек 187 мемлекетте болған.
Дельта штаммы 2020 жылдың қазан айында Үндістанда табылған еді.
ДДСҰ 5 қазандағы жағдай бойынша әлемде пандемия басталғаннан бері 235 175 106 адам коронавирус жұқтырғанын, 4 806 841 адам көз жұмғанын мәлімдеді.
Инфекция АҚШ-та ең көп таралған. Мұнда 43 401 318 адам коронавирусқа шалдыққан. Үндістан (33 853 048), Бразилия (21 468 121), Ұлыбритания (7 934 940) және Ресейде (7 637 427) де жағдай мәз емес.