• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қазан, 2021

Марокко билігі Ресеймен тікелей рейстерді тоқтатты

264 рет
көрсетілді

Марокко билігі 2021 жылдың 6 қазанынан бастап Ресейге тікелей тұрақты рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Рабаттағы Ресей елшілігі Facebook парақшасында хабарлады.

Марокко билігі тарапынан бұл шешімінің себептері туралы әзірге ақпарат берілмеген. 

Мамыр айында Ресей COVID-19-бен күреске байланысты шектеу шараларын алып тастағаннан кейін 8 елге, оның ішінде Мароккоға рейстерді қалпына келтірген болатын. 

Ресей Федерациясы Марокко азаматтары қыркүйектен бастап Беларусь арқылы транзитпен кіре алатынын хабарлады.