• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қазан, 2021

Ақтөбе облысында жетімдердің қамқоршылары қаржы жымқырған

2728 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жетім балалардың қамқоршылары 1,5 млн теңгеден астам қаржы жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері Хромтау аудандық білім беру бөлімінде аудиторлық тексеру жүргізу барысында кәмелетке толмаған жетім балалардың төлемдерін екі көзден алып отыру үшін, олардың қамқоршылары қос-қостан шот ашқанын анықтады», делінеді хабарламада.