• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2021

Шетпеде ұн шығаратын цех ашылды

548 рет
көрсетілді

Өңірлерде, әсіресе, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарының ашылуы – жаңалық. Бұл халық тұрмысына қажетті нәрсе өндіру арқылы ел экономикасын арттыруға үлес қосамын деген мақсатты ұстанса – қуаныш.

Маңғыстау ауданының орталығы  Шетпе ауылында ұн шығаратын цех ашылды. Комбинат тәулігіне 3 тонна ұн өндіреді. Маңғыстау облыстық коммуникация қызметі ұсынған мәліметте қазір цехтың ауыл тұрғындарының қажеттілігін өтеп отырғаны айтылады. Әзірге тұтынушылардың әкелген бидайын тартып беру жұмыстарын ұйымдастыратын кәсіпкер алдағы уақытта  астық­ты өңірлерден бидай әкеліп, ұн шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл кәсіпті бастау үшін «Сегіз­бай Ата» өндірістік коопе­ра­­тивінің басшысы Мұхтар Қар­мысов  заманауи үлгідегі құ­рыл­ғыны сатып алу үшін «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 10 млн теңге қайтарымды қаржы алған. Сатып алған аппараты бидайды тазалап, шаңын қағып, тартып шығарады, ал қуатына келсек күніне 5 тоннаға дейін ұн өндіруге  қауқарлы.

– Қазір комбинат 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Болашақта цехтың қуаттылығын арттырып, қыз­мет­кер санын көбейтуді көздеп отырмын, – дейді М.Қармысов.

Жергілікті тұрғындар жеке кәсіпкер­дің қызметіне сәттілік тілеп, кәсібінің арна­сы кеңейіп, ха­лыққа көрсетер қыз­меті­нің баян­ды болуына тілек білдіруде.

 

Маңғыстау облысы