Елордада мәнерлеп сырғанаудан әлемдік Denis Ten Memorial Challenge додасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.
Мәнерлеп сырғанаудан Challenger бәсекесінің VII кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында 28-31 қазан аралығына жоспарланған. «Барыс Аренада» өтетін жарысқа 20 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Қатысушылар арасында әлем чемпионатының жүлдегерлерімен қатар, 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спорт шеберлері бас қосады.
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) аясында аталған жарыс екінші рет ұйымдастырылмақшы.