• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 07 Қазан, 2021

ДДСҰ безгекке қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

261 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Африка елдеріндегі ұзақ жылдар бойы жүргізілген сынақтардан кейін безгекке қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаны қолдануды мақұлдады және оны бүкіл әлемде қолдана бастауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Deutsche Welle басылымы мәлім етті.

ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреиесус БҰҰ денсаулық сақтау агенттігінің екі сараптамалық консультативтік тобының мақұлдауын «тарихи сәт» деп атады. RTS, S және «Москирикс» деген атпен белгілі безгекке қарсы вакцинаны алғаш рет 1987 жылы британдық GlaxoSmithKline (GSK) фармацевтикалық компаниясы жасаған.

«Бұл – Африкада африкалық ғалымдар жасаған вакцина және біз оны мақтан тұтамыз. Бұл вакцинаны безгектің алдын алу құралы ретінде қосымша пайдалану жыл сайын ондаған мың жас адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін», деді ДДСҰ бас директоры.

2019 жылдан бастап ДДСҰ Гана, Кения және Малавидегі 800 мыңнан астам балаға осы вакцинаның тиімділігін зерттеді.

Безгек – бұл безгек масаларының шағуы арқылы адамға берілетін жұқпалы ауру. Ауру қызба, қалтырау, көкбауыр мен бауыр көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ анемиямен бірге жүреді.

Жыл сайын оны шамамен 350-500 миллион адам жұқтырады. Оның ішінде 1,3-3 миллионға жуық адам көз жұмады. Негізінен бұл ауру Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде таралған.