• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 08 Қазан, 2021

Банкрот болған кәсіпорындар жұмысшыларға 80 миллион теңге қарыз

258 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында банкрот деп танылған 8 мекеме 127 жұмысшыға қарыз, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Мangystaumedia.kz сайты аталған 8 мекеменің 79,2 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бар екенін жариялады.

«Қазіргі таңда «Ces Group» ЖШС мекемесінен 50 адам, «ПолиКом-Сервис» ЖШС-дан 7 адам жалақы ала аламай жүр. Сондай-ақ «Сартас-Теңіз порты» АҚ 7 адамға, «РИГ» ЖШС 39 адамға, «АқтауОйлМаш» 10 адамға қарыз. Ал «Kazoilserviceesegroup» ЖШС 3 адамның, «ConstructionEmpire» ЖШС 8 адамның және «Darston» ЖШС 3 адамның еңбек ақысын бермеген»,  дейді Нұралы Баулыбаев.