Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының кезектен тыс конференциясы өтiп, Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды., деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін, президент қызметін атқарған Сауат Мұхамбетайұлы Мынбаев федерацияның құрметті президентi атанды.
Ерлан Қожасбай көп жылдар бойы Азия құрлықтық федерациясында, Қазақстан күрес федерациясында вице-президент қызметін атқарды.