• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2021

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіру қайта жалғасты

737 рет
көрсетілді

Бүгін Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс өртін сөндіру қайта жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізінің жағалауындағы қамыс 5 қазаннан бері өртеніп жатыр. Қамыс өртін сөндіру үшін 7 қазанда «МИ-8» (АМТ) ВСУ-5 су ағызу құрылғысы бар тікұшағымен әуеден барлау жүргізілді. Барлау кезінде қамыс өртінің екі фронтальды ошағы анықталды. Өртті сөндіру үшін  Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №7 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 11 қызметкер, қосымша күштер мен құралдар тартылды.   

«Жеке құрамның қызметкерлері 7 қазанда сағат 12:30-дан сағат 17:30-ға дейін 12 гектар аумақтың өртін өшірді. Ал, 8 қазанда Каспий теңізінің жағалауында жанып жатқан өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері, 4 бірлік техника, 4 мотосорғыш жұмылдырылды. Жану ошағына жақын орналасқан су көзін іздеу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ батыс өңірлік филиалының «МИ-871» тікұшағы сағат 12:12-де әуеге көтеріліп, 5 шақырым қашықта орналасқан су қоймасын анықтады. Су қоймасынан су тасу арқылы «МИ-871» тікұшағы ВСУ-5 су ағызу құрылғысымен жану ошақтарына әуеден 30 тонна су төгілді. Өрттің жалпы аумағы 150 гектарды құрады. Жалын шарпыған 50 гектар аумақтағы өрт сөндірілді» деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.