• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2021

Биыл Атырау облысында 500-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

227 рет
көрсетілді

Атырау облысында жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мәселен, 8 қазанда сағат 02:30 шамасында жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Атырау қаласындағы А.Владимирский көшесінде күдік тудырған «Toyota RAV4» маркалы автокөлігін байқаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлікті тоқтатып, тексеру жүргізгенде рульдегі 1981 жылғы жүргізушіден ішімдіктің иісі шыққан. Медициналық сараптаманың қорытындысымен 40 жастағы әйелдің жеңіл дәрежедегі мас екені анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осы секілді жыл басынан бері рульге мас күйінде отырған 500-ге жуық жүргізуші жазаланған.