Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 149 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
8.10.2021ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 149 жағдайы және 10 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 272 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бері барлығы: ауырғандар - 77205, 4910 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 65096 жетті.