• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Коронавирус 11 Қазан, 2021

Қазақстан коронавирус бойынша «сары» аймақта

274 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде Қазақстанның қандай өңірлері коронавирус ауруы бойынша әлі де «қызыл» аймақта қалып отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық жағдайды болжам мен матрица негізінде бағалайды, оның көмегімен шектеу шараларын күшейту немесе жеңілдету туралы шешімдер қабылданады», деді Алексей Цой.

Министр бүгінде Қазақстан мен 6 өңір (Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай) «сары» аймақта орналасқанын хабарлады.

«Жасыл» аймақта - 6 өңір (Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Шымкент қалалары), 5 өңір (Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) «қызыл» аймақта қалып отыр.