Санақтан онлайн өткендер саны 7 миллионнан асты. Түркістан облысы алда. Мұнда 913 мыңдай тұрғын санақтан өткен, деп жазады Egemen.kz.
Тағы 746 мың азамат Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 707 мың адам санақ сауалдарына жауап берді. Әзірге соңғы екі орында Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 215 мың және 165 мың тұрғын санақтан өтті. Осылайша халық санағына қатысқан азаматтардың үлесі 37 пайыз болды.