Қарағанды қаласында әйелдер арасында алғаш рет 2 ITF W25 турнирі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жалпы жүлде қоры – 50 мың АҚШ доллары. Жарыстар Қарағандыда өткен жылы ашылған жаңа теннис орталығында 18-24 және 25-31 қазан аралығында болады. Жекелей сында Қазақстаннан Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко бақ сынайды.
Сонымен қатар бірнеше жас теннисші ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алмақшы. Додаға ресейліктер, әлемнің 133-інші және 195-ракеткалары Виталия Дьяченко мен Мария Мельникова, сондай-ақ Беларусь өкілі Юлия Готовко, нидерландылық Сюзан Ламенс қатысады.
Аталмыш теннис орталығы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Онда 11 корт (жетеуі жабық) орналасқан.