• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Қазан, 2021

Петропавл маңында қамыс өртеніп жатыр

655 рет
көрсетілді

Петропавлдағы «Береке» ықшамауданында қамыс жанып, қазіргі уақытта өрт сөндірушілер қызыл жалынмен күресіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавлдағы «Береке» ықшамауданында қамыстың өртенгені туралы алғашқы бейнежазбалар алдымен әлеуметтік желіде пайда болды. Жазбаны таратқан тұрғындардың айтуынша, осы ауданда батпақта өскен қамыс жылда өртенеді. Ол өртенген сайын жақын маңдағы жеке үй тұрғындарының зәре-құты қалмайды екен.

Бұл жолы да қалалықтар өрттің үйге тимеуін қадағалап, өрт сөндірушілердің жолын тосқан. Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі өртке қатысты мәлімет берді. Мамандардың айтуынша, бүгін сағат 13.12 минут кеткенде «101» нөміріне Петропавлдағы «Береке» шағынауданында қамыстың жанып жатқандығы жайында хабарлама түскен. Сағат 13:14 минут кеткенде оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келіп, қызыл жалынмен күресті бастады.

Қазіргі уақытта өрт шамамен 1 га аумаққа жайылған. Ол жерде Петропавлдың 3 өрт сөндіру бөлімшесінің 6 техникасы мен жеке құрамнан 20 адам жұмыс істеп жатыр. Жақын маңдағы үйлерге қауіп жоқ.