• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Қазан, 2021

Қомақты қаржыны игере алмай отырған министрліктер аталды

225 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджетті игере алмай отырған министрліктерді атады, деп жазады Egemen.kz.

Оның сөзінше, мемлекеттік бюджеттің шығыстары 99,7%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,8%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,7%-ға атқарылды.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бюджеттердің барлық деңгейлерінде атқарылу пайызы жоғары. Республикалық бюджет бойынша сомасы 11 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 19 млрд теңгені құрады, оның ішінде 6 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 13 млрд теңге, деп түсіндірді Жамаубаев.

Қаржы министрі қай министрліктер қомақты қаржыны игере алмай отырғанын айтты.

Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, әдiлет, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген, орындалған жұмыс актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсыну, сотта мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі талап-арыз жұмыстарын жүргізу, деп айтты Ерұлан Жамаубаев Үкіметте.