• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Бокс 13 Қазан, 2021

Канело Головкиннің ұлы боксшы екенін мойындады

747 рет
көрсетілді

Екінші орта салмақта WBC, WBA және WBO бойынша өнер көрсететін әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес IBF және IBO чемпионы, бұрынғы қарсыласы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды.

Мексикалық боксшыдан қазақстандық спортшы туралы ойлағанда, бірінші есіне не түсетінін сұрады.

«Ұлы боксшы», деп жауап берді Канело Brian Caunter-мен Last Stand Podcast-ында.

Головкинге немесе Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жектің қайсысы тәжірибе жағынан ең жақсы болды деген сұраққа Альварес тек біреуін таңдай алмайтынын, әр жекпе-жекте бір нәрсе үйренгенін айтты.

Еске салайық, Альварес Головкинмен екі рет кездесу өткізген. Олардың алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы қыркүйекте тең нәтижемен аяқталып, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетіп, Головкин алғаш рет жеңілген болатын.