Әлем 13 Қазан, 2021

Түркияда орман өрті қайта тұтанды

257 рет
көрсетілді

Түркияның оңтүстігіндегі Кемер аймағында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz NTV-ге сілтеме жасап.

«Жел бағыты мен тік рельефтің болуы жұмысты қиындатып отыр», деді Кемер қаласының мэрі Нежати Топалоглу.

Өрт сөндіру операциясына 13 өрт сөндіру автокөлігі, 4 тікұшақ, 2 бульдозер, су атқыштар мен орман шаруашылығының жұмысшыларының едәуір бөлігі жұмылдырылды.