• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2021

Қазақстанда көмір мен шикі мұнай өндірісі төмендеді

469 рет
көрсетілді

Қазақстанда көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

«2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда тамақ өнімдерінің, сусын, резеңке және пластмасса бұйымдарының, өзге де бейметалл минералдық өнімдерінің, химия және фармацевтика өнімдерінің, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау өндірісінің өсуі байқалды.

Көмір, шикі мұнай және табиғи газ кендерінің өндірісі төмендеді. Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды», делінген мәліметте.

Биылғы қаңтар-қыркүйекте елімізде өндірілді:

- мұнай (газ конденсатын қосқанда) 62,4 млн тонна;

- мыс кендері 91,4 млн тонна;

- ұн 2,3 млн тонна;

- бензин 3,5 млн тонна;

- дизельді отын 3,8 млн тонна;

- электр энергиясы – 83,9 млрд.кВт.сағ.