• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қазан, 2021

Таразда этносаралық келісімнің өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференция басталды

327 рет
көрсетілді

Тараз қаласында «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның екі күндік жұмысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Конференцияның пленарлық отырысы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Қазақстан Президенті конференцияға қатысушыларға жемісті жұмыс тілеп, «Көптеген мемлекетте этносаралық сипаттағы әлеуметтік шиеленіс өршіп барады. Сондықтан халықаралық қауымдастықтың алдында осы түйткілді мәселені шешудің тиімді жолдарын іздеу, қоғамдық дамудың жаңа инклюзивті моделін әзірлеу міндеттері тұр. Бұл ретте сарапшылар мен кәсіби зерттеушілердің ғылыми ұстанымнан айнымай, белсенді жұмыс істеуі аса маңызды», деді.

Екі күн бойы Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Израиль, Болгария елдерінің этносаралық қатынастар, конфликтология және этнопсихология саласындағы сарапшылары этносаралық қатынастарды дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, министрліктердің, прокуратура және сот органдарының, еліміздің ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысады.

Конференция жұмысының бірінші күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады.

Конференция жұмысы төрт секция бойынша өтеді:

1. көпэтносты елді мекендердегі әлеуметтік проблемаларды шешудегі жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық институттардың рөлі;2. шиеленістер мен наразылық көңіл-күйлерді алдын алу және оларды ескерту;3. мультимәдени ортадағы қақтығыстардың алдын алу ісіне ғылыми-сараптамалық әлеуетті пайдалану;4. қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БАҚ-тың рөлі. Конференцияның бірінші күні сарапшылар қақтығыстар мен наразылық көңіл-күйлердің негізгі себептері, заманауи қоғамдардағы этногенездің жаңа аспектілері, жергілікті деңгейде этносаралық қатынастарды реттеудегі жергілікті атқарушы органдардың рөлі және әлемдік тәжірибе және т.б. талқыланады. Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда жоғары оқу орындарының рөлі, оңтүстік Қазақстанның этникалық құрылымының даму ерекшеліктері мен келешегі жеке қаралды.

Конференцияның бірінші күні сарапшылар қақтығыстар мен наразылық көңіл-күйлердің себептерін, қазіргі қоғамдардағы этногенездің жаңа аспектілерін, жергілікті атқарушы және заң шығарушы органдардың рөлін, этносаралық қатынастарды реттеудің әлемдік тәжірибесін және басқаларды талқылайды. ЖОО-лардың Қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы қызметі, Оңтүстік Қазақстанның этникалық құрылымының ерекшеліктері бөлек қаралды.

Іс-шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.