Алматы облысында нашар жолдар үшін 223 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп жазады Egemen.kz.
«Жол-техникалық испекторлар автожолдарда 2 мыңнан аса тексеріс жүргізген. Ойылып, шұңқырға айналған шұрық-тесік һәм кедір-бұдыр жолдар мен ашық қалған құдықтардан қауіп көп», дейді тәртіп сақшылары.
Сол себепті облыстық Полиция департаменті жауапты мамандарды жазалап, оларға бас-аяғы 8,5 млн теңгеге жуық айыппұл салды.