ШҚО-ның 65 жастағы тұрғыны досымен бірге резеңке қайықпен балық аулауға барған.
- Ол досымен бірге құтқару жилетінсіз қайыққа отырып, балық аулауға барған. Жағадан 200 метр қашықтықта ер адам қайықтан құлап, суға кетті. Куәгерлер көмектесуге тырысты, бірақ үлгермеді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.