Өскемен қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен көлік салдарынан трамвай рельсі бөгелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең Шәкәрім даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болған.
«Mercedes» маркалы автокөлікті тізгіндеген жүргізуші реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан адамды қағып кетті. Жол апатынан дене жарақатын алған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп хабарлады ведомство өкілдері.
«Mercedes» көлігі трамвай рельсіне шығып кеткен. Соның салдарынан Защита ауданынан Абай даңғылы бағытындағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтады.