• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қазан, 2021

2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты іске қосылады

540 рет
көрсетілді

Мұнай-газ химия зауыттарын салу ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР ҰЭМ мәліметінше, жобаның «Мұнай-газ химиясы кешенін дамыту» бағыты бойынша сыртқы сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы өндірістері енгізіледі.

Осыған орағай, 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауытын пайдалануға беріледі.

Олар:

Полипропилен өндірісі; Бензин мен полипропиленге арналған қоспа өндірісі; метанол өндірісі; Полиэтилентерефталат өндірісі; Қашаған кен орны шикізаты базасындағы газ өңдеу зауыты.

«Нәтижесінде мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 360 мыңнан 2 млн тоннаға дейін 5 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ экспорт 9 есеге (0,15-тен 1,4 млрд.АҚШ долл) өседі», деп атап өтті министрліктен.