• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қазан, 2021

Қазақ палуандары Моңғолияда күрестен аймақтық «Лашын», «Арыстан» титулдарын жеңіп алды

1045 рет
көрсетілді

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ұйымдастырылған күресте қазақ палуаны Еркебұлан Малшыұлы жеңіс туын көтеріп, аймақтық лашын атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Моңғолдың ұлттық күресінен аймақтық атақ берілетін сайысқа 128 палуан қатысып, аймақтық лашын (начин) дәрежесін Еркінбек Шоқанұлы мен Бердәулет Мұқтарұлы жеңіп алды. Финалдық кездесу аймақтық арыстан (арслан) Еркебұлан Малшыұлы мен Энхболдын Тамираа арасында өтті. Бұл белдесуде Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық «Хурц арслан» атағын алды. Бұл атақ моңғолдық ұлттық күрес ережесіне сай аймақтық мерейтойда екі мәрте жеңімпаз атанған палуанға беріледі. Еркебұлан Малшыұлы бұған дейін 2011 жылы аймақтық арыстан атағын алған болатын», деп жазады Kaznews.mn.