• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 18 Қазан, 2021

Қазақстан мен Швеция СІМ арасындағы ынтымақтастық талқыланды

247 рет
көрсетілді

Бейнеконференция форматында Қазақстан мен Швеция сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялардың 3-ші раунды өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегацияға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев, Швецияныкіне – СІМ Бас директорының орынбасары Андреас фон Бекерат жетекшілік етті.

Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Нұр-Сұлтан мен Стокгольм арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстардың тұрақтылығын атап өтті.

Атап айтқанда, тараптар екі ел сыртқы істер министрліктерінің БҰҰ, Еуропа кеңесі мен Еуропалық одақ қызметтері шеңберіндегі өзара әрекеттестігі мәселелерін талқылады. Е. Әлімбаев швед тарапын Қазақстанда ағымдағы саяси және экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті. Бұдан басқа, Швецияның ЕҚЫҰ-ға қазіргі төрағалығын назарға ала отырып, тараптар Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты, сондай-ақ осы жылғы желтоқсанның басында Стокгольмде ЕҚЫҰ-ның Сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуін өткізуге дайындық барысын талқылады.

Консультациялар барысында Ауғанстандағы жағдай және аталған елде гуманитарлық және азық-түлік дағдарыстарының алдын алуға халықаралық қауымдастықтың қолдауы бойынша пікір алмасу орын алды.

Жаһандық экономиканы КОВИД-19 пандемиясы салдарынан қалпына келтіру аясында тараптар сауда-инвестициялық байланысты дамытудың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ Швеция бизнесінің Қазақстан экономикасының тамақ өнеркәсібі, табиғи ресурстар, ақпараттық коммуникациялар және денсаулық сақтау сияқты салаларындағы қызметін кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.