• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қазан, 2021

Футзалдан Еуропа чемпионатының жеребесі тартылады

202 рет
көрсетілді

Бүгін, 18 қазан күні Нидерландының Зейст қаласында футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Футзалдан ЕУРО-2022 чемпионаты ең үлкен жарыс болмақ. Еуропа финалында алғаш рет он алты құрама (бұған дейін 12) сынға түседі. 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам және Гронинген қалаларында 32 матч ойналады. Әр топ төрт командадан тұрады. 

Жарыс иесі Нидерланд құрамасы ЕУРО-2022 финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. Қалған елдердің ішінде Португалия (ЕУРО-2018 жеңімпазы), Әзірбайджан, Босния мен Герцеговина, Хорватия, Финляндия, Грузия, Италия, Қазақстан, Польша, Ресей, Словакия, Словения, Испания және Украина. Сербия мен Беларусь құрамалары құрлық додасына соңғы жолдамасын 14 және 17 қараша аралығында сарапқа салады.

УЕФА ЕУРО-2022 финалдық кезеңінің жеребесінің себеттерін бекітті. Жеребе 4 қазанда жарияланған рейтинг бойынша тартылады. Қазақстан құрамасы Испания, Ресей және Португалия құрамаларымен бірге бірінші себетке түсті. 

1-себетИспанияРесейПортугалияҚазақстан

2-себетХорватияӘзірбайджанСербия/БеларусьИталия

3-себетУкраинаСловенияБосния және ГерцеговинаПольша

4-себетФинляндияСловакияГрузияНидерланд

Айта кетерлігі, Футзалдан Еуропаның ең үлкен чемпионаты 2022 жылдың 19 қаңтарында басталады. Финал 6 ақпан күні Амстердамда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар