Джонс Хопкинс атындағы университет жүргізген зерттеу бойынша, Латвия бір миллион адамға шаққандағы коронавирус жұқтырған адамдар саны бойынша бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.
Басылым мәліметінше, Латвияда күн сайын 2000-ға жуық жағдай тіркеледі. Елде төтенше жағдай жарияланған. Дүйсенбіде, 18 қазанда Премьер Кришьянис Кариньштың бастамасымен дағдарысты басқару жөніндегі кеңестің шұғыл отырысы шақырылды, онда қосымша шектеулер қарастырылады.
Одан бөлек, антикөшбасшылар үштігіндегі Барбадос аптасына 7125,28 жағдай, Грузияда аптасына 7106,18 жағдай тіркеліп жатыр.