«Ауыл – ел бесігі» аясында 6,5 мың жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы аталған жобаның орындалуы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Осы жылы іске асырылып жатқан бағдарламалар аясында 566 млрд теңге сомасына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 6,5 мың жоба іске асырылуда», деді министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде 2,5 мың шақырым инженерлік желілер және 5 мың шақырым кент ішіндегі жолдар жаңғыртылатын болады.
«632 мектеп пен балабақшар, 70 денсаулық сақтау нысаны, 300 мәдениет үйі, клубтар мен кітапханалар, 96 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен спорт залдары салынады және жөнделеді», деді Әсет Ерғалиев.