• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қазан, 2021

Асқар Мамин әкімдерге жұмыстарын жандандыруды тапсырды

318 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бірқатар өңірдің әкіміне «Ауыл – ел бесігі» аясындағы жобаларды іске асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту арқылы ауылдағы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болып табылады. Осы бағдарлама бойынша 3 561 ауыл іріктеп алынды, оларда 6,9 млн адам тұрып жатыр, бұл ауыл халқының - 89 пайызы», деді Асқар Мамин бүгін Үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, 2019-2020 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында және де Жұмыспен қамтудың жол картасы, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының аясында, барлық қаржыландыру көздерінен 618 млрд теңгені кұрайтын 12 мың жоба іске асырылды.

«Биылғы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру аясында жобаларды тапсыру мен бөлінген бюджет қаражатын игеру бойынша Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары жақсы серпін көрсетіп отыр. Жыл соңына дейін 2,5 ай ғана қалды, барлық әкімдіктер, әсіресе, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары жобаларды іске асыру бойынша жұмысты жандандыру қажет», деді Премьер-Министр.