• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Қазан, 2021

Шымкенттік нысана көздеушілер халықаралық турнирде жүлдегер атанды

351 рет
көрсетілді

18 қазан күні Бангладеште өткен нысана көздеуден халықаралық онлайн турнирде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Команда сапында Шымкент қаласының спортшылары 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша жеңімпаз атанды», деп жазады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде күміс жүлде иеленді.

Алматы қаласының спортшылары да жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің өкілдері қатысты.