• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Қазан, 2021

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне өзгерістер енгізіледі

447 рет
көрсетілді

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі және  қорғаныс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқыға салды.

Заң жобасында мемлекеттік сатып алуды ерекше жағдайларда ғана бір жерден ұйымдастыру ұсынылды. Құжатта одан басқа есеп-қисапты күшейту көзделген, атап айтқанда, осындай сатып алуды өткізуге тапсырыс берушінің бірінші басшысы жеке жауапты болады.

Комитет депутаттары заң жобасының осы және басқа да бірқатар жаңалықтарын талқылағаннан кейін құжатты Палатаның қарауына екінші оқылымға беру туралы шешім қабылдады.