Ресейде коронавирустан бір тәулікте 1015 кісі қайтыс болды. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғарға көрсеткіш. Осыған дейін барлығы 225 325 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Риа Новости мәлімдеді.
Бұған дейін, Ресейде тәулігіне COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 1002-ге жеткенін хабарлаған болатынбыз.
«Өткен тәулікте 1015 өлім расталды... Ресейде пандемия басталғалы бері 225 325 адам қайтыс болды», деді штаб журналистерге.
Атап айтқанда, Мәскеуде коронавирустан 73 адам, Санкт-Петербургте 68, Краснодар өлкесіндегі 40 өлім расталды.