Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» мәнерлеп сырғанаудан жастар және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ел чемпионаты 19-23 қазан аралығына жоспарланған. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда облысынан, жалпы 150-ден астам спортшы қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, аталған бәсекеде Шымкент қаласынан 23 спортшы бақ сынайды.