• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2021

Нобель сыйлығының лауреаттары онлайн форматта дәріс оқиды

290 рет
көрсетілді

Елімізде ғылыми-білім беру әлеуетін дамыту мақсатында III Nobel Fest шарасы онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ-ға сілтеме жасап.

Nobel Fest - жылына екі рет өткізілетін Еуразия құрлығындағы ең ауқымды және беделді іс-шараларының бірі. Оның аясында Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрістері өтеді. Шараның негізгі мақсаты – ҚР, Орталық Азия, Кавказ мемлекеттеріндегі түрлі салада жұмыс істейтін азаматтарға әлемдегі ең мықты Нобель сыйлығы иегерлерімен, белгілі ғалымдармен, бизнес саласындағы танымал адамдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі замандағы ең басты мәселе – адами капитал. Он жыл бұрын әлемдегі ең қымбат компаниялар шикізат пен қаржы саласындағы компаниялар болса, бүгінде ең үздік 10 компанияның 8-і адами капиталды кеңінен пайдаланатын технологиялық инновациялық компания болып табылады.

 «Мысалы, бұрын ғалымдар негізінен білім және ғылым саласында жұмыс істесе, қазір компаниялар жанынан үлкен ғылыми институттар қызмет етеді. Олар ғалымдардың адами капиталдарды кеңінен пайдалануының арқасында үлкен жетістіктерге, прогреске қол жеткізіп отыр. Дамыған елдерде жастар, студенттер, ұстаздар мен Нобель сыйлығының лауреаттары, үлкен ғалымдар арасында кездесулер өткізіледі. Өкінішке қарай, дамушы елдерде ондай кездесулер аз. III Nobel Fest шарасын мемлекеттік емес ұйымдар ұйымдастырып отыр. Үшінші Нобель фестивалінің айырмашылығы – оны жалғыз Қазақстанда ғана емес, Өзбекстанда, Әзербайжанда өткізіп жатырмыз. Болашақта шараны одан әрі дамыту жоспарланған. Әріптестерімнен фестивальді кеңінен насихаттауларын сұраймын. Себебі адамдар неғұрлым көп қатысса, соғұрлым тиімді болады»,  деді С.Нөгербеков.

 G-Global халықаралық хатшылығының басшысы фестивальдің тегін өткізілетінін атап өтті. Қатысушылар дәріскерлерге сұрақ қоя алады, сондай-ақ, білім алады.