Оқиға 19 Қазан, 2021

IT-саласындағы журналистика бойынша оқыту курстары өтеді

470 рет
көрсетілді

Алматыда IT-саласындағы журналистика бойынша оқыту курстары ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ағымдағы жылдың 25 қазанынан 29 қазанына дейін Алматыда Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті IT-саласында маманданған журналистер үшін оқыту курстарын өткізеді», деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.   Курстар офлайн форматта Алматы қаласы, Манас көшесі 34/1 мекенжайы бойынша өтеді.   Аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан журналистер, мына сілтеме арқылы тіркеуден өте алады.