Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының қызметінен босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Министрлікте жұмыс істеген жылдары маған көмектескен барлық басшылар мен әріптестеріме алғысымды білдіремін! Мен спортта қаламын», деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.