• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2021

Қостанай облысында жел электр станциясы салынуда

727 рет
көрсетілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов салынып жатқан нысанға барды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай ауданында қуаты 50 МВт «Ыбырай» жел электр станциясы салынуда.

«Жобаны іске асыру құны 26,3 млрд теңгені құрайды, құрылыс жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 16 жел электр қондырғысының 12-сі орнатылған, олардың әрқайсысының қуаттылығы 3,2 МВт. 35/110 кВ көтеруші қосалқы станция, 110 кВ желі, 35 кВ желі монтаждалған желэнергоқондырғылар мен әкімшілік-тұрғын аймаққа дейін салынды», деп хабарлады Архимед Мұхамбетов.

Өңір басшысы ҚХР-дан жел қондырғыларының жабдықтарын жеткізу қалпына келтірілгенін, қалған жел диірмендері мен электр беру желілерін монтаждау жүргізіліп жатқанын айтты.

Сынақ аясында 17 тамызда бес жел электр қондырғысын алғашқы іске қосу жүргізілді (осы бес қондырғымен өндірілетін электр энергиясы «КЕGOС» АҚ желісіне түседі). Қазіргі уақытта іске қосу-жөндеу жұмыстары жалғасуда.