• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 20 Қазан, 2021

Мәжіліс Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертке қатысты заң жобасын мақұлдады

211 рет
көрсетілді

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Заң жобасы Бюджет кодексінің 24 бабына сәйкес әзірленді. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2022 жылы 2,4 трлн теңге, 2023 жылы 2,2 трлн теңге, 2024 жылы 2 трлн теңгеге белгілеу ұсынылады.

Кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағыттау ұсынылады», деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.